USD
USD
USD

Теледебат кезінде депутаттыққа кандидатқа Ленин туралы сұрақ қойылды

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Бейбіт Құсайынов Владимир Ленинге деген көзқарасын білдірді.

Бейбіт Құсайынов
Фото: instagram.com/beibut_kussainov

Астана, NEGE. «Жетінші арнадағы» теледебат кезінде ол Қазақстан Халық партиясы Қазақстан Коммунистік партиясының құқықтық мирасқоры екенін еске салды. Сонымен қатар алты жыл бұрын партия ребрендинг жасап, коммунистік идеологиядан ресми түрде бас тартқанын атап өтті.

Құсайыновтың айтуынша, ол Ленинді ең алдымен тарихи тұлға ретінде қабылдайды.

«Мен Кеңес Одағы кезінде дүниеге келдім. Ол кезде бізге Ленинді пролетариаттың көсемі деп үйретті. Бірақ уақыт өте келе өткенге басқаша көзқараспен қарай бастайсың, көп нәрсені қайта саралайсың. Жалпы, мен оған адам ретінде, тарихта елеулі із қалдырған, маңызды қадамдар жасаған тарихи тұлға ретінде қараймын және белгілі бір деңгейде құрметке лайық деп есептеймін», – деді Құсайынов сұраққа жауап бере отырып.

Теледебат қорытындысы бойынша өткен көрермендердің онлайн дауыс беруінде «Әділет» партиясы 45,48 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Екінші орынға 15,58 пайызбен «Ауыл» партиясы жайғасса, үздік үштікті 12,01 пайызбен Respublica партиясы түйіндеді. Ал ең төмен нәтиже «Байтақ» жасылдар партиясына тиесілі болды – оларды көрермендердің 1,58 пайызы ғана қолдаған.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер