USD
USD
USD

Текесу каналынан өтетін көпір пайдалануға берілді

Еңбекші ауданындағы апатты деп танылған «Текесу» каналынан өтетін көпір қайта құрылып, пайдалануға берілді.

Текесу каналынан өтетін көпір пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қолданыстағы бұл көпір 1993 жылдары салынған. Ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді.

Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында «Текесу» каналынан өтетін көпірдің апатты жағдайда екендігі айтылып, тұрғындар көпірді қалпына келтіріп беруді айтқан болатын.

Тұрғындар көтерген мәселені шешу мақсатында аудан әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда «Текесу» каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалып отыр.

Ендігі кезекте Қарабастау тұрғын алабындағы канал үстінен өтетін көпірді қайта құру жоспарда бар. Аудан әкімі тұрғындардың өтініші басты назарда екенін және барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатынын айтуда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек