USD
USD
USD

Текелі қаласындағы лагерьде «шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері жұмыс істеген

Жетісу облысының прокуратурасы өңірдегі балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізді, олардың жағдайы заң талаптарына сәйкес келмеді.

Текелі қаласындағы лагерьде «шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері жұмыс істеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мысалы, «Қарлығаш» лагерінде (Көксу ауданы) санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қайшы фактілер анықталды. Балаларға арналған азық-түлік ветеринариялық-санитарлық сараптама және қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.

Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған. 

Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмаған.

Алғашқы өрт сөндіру құралдары  өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген.

Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.

Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.

Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Шағала» лагерінде (Алакөл ауданы) ойын, сауықтыру кешендері мүлдем жоқ. 

Сонымен қатар Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде «Параноидты шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталды.

Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Барлық анықталған заңсыздықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс