USD
USD
USD

Текелі қаласында арнайы операция кезінде есірткі сатушылар тобы ұсталды

4 мамырда Жетісу облысы Текелі қаласында полицейлер арнайы операция жүргізіп, өңірдегі есірткі тарату арнасың жойды.

Текелі қаласында арнайы операция кезінде есірткі сатушылар тобы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 4 есірткі сатушы анықталып, марихуананың әр түрлі дозасын сату кезінде ұсталды.

«Ұсталған адамдар есірткі заттарын тарату және сату қылмыстары бойынша айыпталады. Күдіктілердің әрқайсысың қаланың әр жерінде жеке-жеке ұстады. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тіркелген фактілер бойынша тергеу амалдары есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуді көздейтін ҚР ҚК-нің 297-бабына (1,3-б.) сәйкес жүргізілуде», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде марихуана, гашиш және «синтетика» деп аталатын есірткі заттары бар.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе