USD
USD
USD

Текеліде бояудың иісіне уланып қалған ер адам құтқарылды

Текеліде тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жас жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылды.

Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны "Жетісу Резорт" кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандасқысы келген ол ішке кіріп, бірақ Тимурды таба алмайды. Телефонмен хабарласқанда да жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістікте ес-түссіз жатқан жерінен табады.

Уақытты созбай, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Бірден көмекке полиция қызметкерлері Азамат Қазыбаев, Елдар Амангельдин және Жанатбек Ахметов келіп, жедел әрекет етті. Олар зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жетіп, жас жігітті дәрігерлерге табыстады. 

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Алмасбек, Сауран

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әсет Матаев

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Кенжеғұл Сейтжан

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

жауапкершілік