Тек қана ет емес. Қазақстан мен араб елдері өзара сауданы қалай дамытады?
Катар және Сауд Арабиясының бизнесмендері Қазақстанға қызығып отыр. Кәсіпкерлерді ортақ жобалар қызықтырады. Қазіргі таңда Қазақстан Сауд Арабиясына етті экспорттай бастады.
Алматыға Катардан бірінші рет осындай форматта іскерлік туристер тобы келді. Олар қаланың көрнекі жерлерін аралап көрді. Бұған дейін ірі ритейл компаниясының елуге жуық адамы Алматыға келіп кеткен болатын.
Таяу Шығыс туристері, кәсіпкерлері бар, Алматыға ат басын бұруын жиілете бастады. Биылғы жылдың алғашқы үш айын оңтүстік астанаға шамамен алпыс мыңға жуық шетелдік турист келген. Егер оны өткен жылмен салыстырғанда, орта есеппен екі жарым есеге өскенін байқауға болады. Олардың ішінен жаңа бағыттағы туристер деп Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы елдерінің бизнесмендерін айтуға болады.
Сарапшылардың ойынша, Алматы қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар, туристік операторлар бірлесіп, түрлі шаралар ұйымдастырып, өз кезегінде әуе қатынасын қалпына келтіру мен шекараны ашу да туристік лептің артуына сеп болды. Қазақстан жағы «Dubai ATM - 2022» туристік көрмесіне, Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы мен Оман елдерінің ірі қалаларындағы роуд-шоуларға белсенде қатысты. Және сол арқылы өзімізді таныта білдік.
«Алматы тек қана қарапайым саяхатшылар емес, сонымен бірге бизнес туризм арасында да танымал болып келеді. Осы жұмысты үздіксіз жалғастыра береміз. Шындығында, Таяу Шығыстан келген туристтердің төлемқабілеттілігі жоғары», - деді «Алматы қаласының туристтік ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Едіге Марғұлан.
Осыдан бір жыл бұрын Алматы – Доха әуе рейсі ашылған болатын. Енді осы бағыттағы рейстер бір аптада төрт рет орындалатын болған. Мысалы Катар эйрвейс компаниясы осы жылдың басынан бері А-320 ұшағымен жүзден астам рейстер ұйымдастырған.
Сонымен бірге нақты уағдаластықтар арқасында Сауд Арабиясына Қазақстаннан ет экспорты басталды.
«Екі елдің ынтымақтастығы нәтижесінде отандық бес ет өңдеу кәсіпорны бұдан былай Сауд Арабиясына ет экспорттау құқығына ие болып отыр.
Бұл уағдаластық жолына ұзақ еңбек жасалды. Былтыр Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары елімізге арнайы ұшып келген. Олар отандық ет өңдеу кәсіпорындарына инспекция жүргізіп, өз стандарттарына сәйкестігін тексеріп шықты