USD
USD
USD

Тек 380 туроператордың Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы бар

Мемлекеттік электрондық тізілімнің деректеріне сәйкес қазіргі уақытта туроператорлық қызметпен айналысуға 380 лицензия берілген.

Тек 380 туроператордың Қазақстанда жұмыс істеуге лицензиясы бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Егер оларды жіктейтін болсақ, онда шығу туризмі саласында 34 лицензия, ішкі, кіру және шығу туризмі саласында – 34, ал ішкі, кіру туризмі саласында – 312 лицензия белсенді.

Бұған дейін мемлекеттік тізілімде қағаз және электрондық форматтағы лицензиясы бар 1240 туроператор болған. Олардың көпшілігі жұмысын тоқтатқан, бірақ тізілімде қалған. Қазіргі заңнамаға сәйкес келмейтін құжаттарды лицензиаттардың өздері немесе жергілікті атқарушы органдар тоқтатты.

«Мемлекеттік тізілімді жаңарту бағытында үлкен жұмыс атқарылды, туроператорлардың өздері де қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіп келеді. Біз үшін қызмет көрсету сапасы мәселесі басты назарда. Барлық лицензиаттар үшін заң аясында жұмыс істеу маңызды», - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе