USD
USD
USD

«Тек қанын ішкен» – ШҚО-да ауыл тұрғынының қойларын сілеусін қырып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында 15 қойды сілеусін қырып кетті. Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бастаушы ауылдық округіне қарасты Көкжота ауылында болған, деп жазды kazinform.

Қой
Фото: Самар ауданы әкімдігі

Алматы, NEGE. «Қораға кіріп кеткен белгісіз жыртқыш аң 15 қойды қырып кетті. Болжам бойынша бұл - сілеусін.Себебі қасқыр болса қойды жарып кетер еді, ал бұл жыртқыш тек қанын ішкен. Оқиға орнына бірден аудан әкімі Нұрлан Махамбетов пен ауылдық округ әкімі Арман Кеңесбеков, жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері барды. Мал өлекселері арнайы көмуге арналған орынға көміледі. Себебі жыртқыштың сілекейінде түрлі қауіпті аурулар болуы ықтимал, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сұрашев.

Қазіргі кезде ауылдық округ әкімдігі келтірілген шығынды есептеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком