Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Техастағы атыста бес адам қаза болды

АҚШ-та бірнеше адамның қазасына әкелген атыс болды. Бұл жолы Техас штатындағы Кливленд қаласында қарулы қаскөй 5 адамды мылтықтан атып өлтірді.

Техастағы атыста бес адам қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арасында 8 жасар бала болған. Полицияның айтуынша, қаза болған екі әйел өз денелерімен балаларын жауып, ажалдан арашалап алды. Ұлты мексикалық қылмыскер мас күйінде өз ауласында оқ ата бастаған. 

Құрбандардың арасында екі әйел болған. Полицияның сөзінше, олар басқа балаларды денесімен жауып, қорғап қалған. Қайғылы оқиға жұма күні кешке Хьюстоннан солтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жердегі Кливленд шағын қаласында болған.

Жергілікті шерифтің сөзінше, полиция жартылай автоматтандырылған винтовкамен қаруланған қылмысқа күдікті мексикалық азаматты іздестіріп жатыр. Ол үйдің маңында оқ атуды бастағанда мас болған тәрізді, ал тұрғындар тоқтатуын сұрағанда оларға қарсы оқ жаудыра бастаған.

Жалпы сол уақытта үйде 10 адам болған, бәрі Гондурастан. Полиция олардың атын және атыс ұйымдастырған адамға қандай қатысы бар екенін хабарламады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң

​Шымкентте қымбат үй сатылып жатыр: Тоқтар Төлешовтің бұған не қатысы бар?

.

Қарағанды облысындағы дала өртінен екі адам зардап шекті

Қарағанды облысы