Тегін ірімшік: Алаяқтар әлеуметтік төлемдер төлейміз деп адамдарды қалай алдайды
«Жаңа» әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар төлеу – алаяқтар ұнататын тактикалардың бірі. Онлайн қылмыскерлер атышулы тақырыптарды, еліміздің бірінші тұлғаларының суреттерін, ірі банктер мен ұлттық компаниялардың логотиптерін қолданудан тартынбайды.
Желіде осындай алдауды танып, оның құрбаны болмаудың жолдары қандай?
Әңгіме не туралы?
Алаяқтар әлеуметтік желілерде әлеуметтік төлемдердің немесе жәрдемақылардың «жаңа түрі» туралы жарнама жасайды. Сенімдірек болуы үшін сол адамдар тұратын елдің президентінің немесе министрлерінің суреттері қолданады. Сондай-ақ, жарнамада ірі банктердің немесе ұлттық компаниялардың логотиптерін жиі көруге болады. Хабарландыру мәтінінде кез келген адам бірнеше қарапайым нұсқауды орындау арқылы қомақты төлем ала алады делінген.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Мұндай жарнамаларда, әдетте, қорғалмаған сайтқа немесе алаяқтармен байланыстыратын чатқа апаратын сілтеме болады. Екеуінде де ықтимал жәбірленушіге жәрдемақы есептелді деп қомақты соманы айтады. Бірақ оны алу үшін комиссия төлеу керек. Жәбірленуші келісіп, ақша аударған соң алаяқтар диалогты тоқтатады, ал алданып қашлған адамның шотына ешқандай жәрдемақы түспейді.
Не алаңдатуға тиіс?
Біріншіден, жәрдемақының жаңа түрі туралы тек жарнамада ғана, басқа еш жерде айтылмаса. Егер елде мемлекеттен жаңа төлем енгізілсе, онда бұл туралы ірі БАҚ пен мемлекеттік порталдар хабарлайды. Мәселен, 2024 жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша төлемдер төлеу.
Екіншіден, мемлекеттен төлемдер алу үшін қандай да бір комиссия төлеудің қажеті жоқ. Мұны тек алаяқтар ғана сұрайды.
Нақты қалай тексеруге болады?
Қазақстанда жәрдемақыларды есептеу және төлеумен Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің өңірлік департаменттері айналысады. Барлық қолданыстағы нұсқаулықтардың толық тізімі олардың сайттарында жарияланған.
Сонымен қатар, белгілі бір төлем туралы сұрақтарды тікелей Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне қоңырау шалып, қоюға болады. Байланыс нөмірлері ведомствоның сайтында бар.