Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тегін шахмат мектебі жұмыс істеуде

Қазақстандық оқушылар тегін онлайн шахмат мектебіне ие болды.

Тегін шахмат мектебі жұмыс істеуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда балаларға арналған шахмат бойынша оқыту курсы іске қосылды. Оны әйелдер халықаралық гроссмейстері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері, ұлттық құраманың мүшесі Гүлмира Дәулетова жүргізеді.

Оның шахмат мектебі әрқайсысы орта есеппен 10 минуттан тұратын 24 бейнесабақтан құралады. Егер бірінші шығарылымда оқушыларды шахмат тақтасымен және фигуралардың қалай жүретіндігімен таныстырса, курс аяқталғаннан кейін оқушылар күрделі тактикалық комбинацияларды жүзеге асыруды және эндшпиль позицияларын ойнауды үйренеді.

«Қазақстанда бұл бастаманың баламасы жоқ, бұл жүйе бойынша тек балалар ғана емес, ересектер де тегін оқи алады. Бұл ресурс адамдардың интеллектуалдық дамуына септігін тигізеді деп сенемін», – деп есептейді халықаралық гроссмейстер және тәжірибелі жаттықтырушы Рустам Хуснутдинов.

Онлайн мектепті құрушылар жоспарлап отырғандай, оқу аяқталғаннан кейін әрбір оқушы позицияны дұрыс бағалап, талдай алады, оның нюанстарына сүйене отырып, стратегиялық шешімдер қабылдай алады, тіпті өмірлік қиын жағдайларда да шешім таба алатын болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример