USD
USD
USD

Тегеранда Әлихан Смайылов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің кездесуі өтті

Тегеранда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің кездесуі өтті. 

Тегеранда Әлихан Смайылов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің кездесуі өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту мәселесі еліміздің күн тәртібінде ерекше орын алатынын атап өтті.  

«Қазір екі елдің үкіметтері жоғары деңгейде алға қойылған міндеттерді нақты жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығымыздың жоғары нәтижелерімен ерекшеленетініне сенімдімін», — деді Премьер-Министр. 

Атап айтқанда, биыл Тегеранда ауыл шаруашылығы бойынша Қазақстан-Иран жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу жоспарланған. Бұл екі ел арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бермек.

Сонымен қатар сауда бағытындағы жұмысты күшейту мақсатында Қазақстанның Ирандағы елшілігіне арнайы сауда өкілін тағайындау туралы шешім қабылданды. 

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе