USD
USD
USD

Театр ұжымы бес айдан соң көрерменмен қауышты

Қарағанды облысында да бүгіннен бастап, карантин шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Театр ұжымы бес айдан соң көрерменмен қауышты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бассейндер, спорт кешендері, мешіттер мен шіркеулер және мәдениет нысандары  қайта ашылады. Десе де, белгілі бір шектеу шаралары мен нормалар әлі де сақталмақ. Осы мәдени нысандардың ішінде Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры да бар.

87 жылдық тарихы бар театр бір ғасырға жуық уақытта бірінші рет 5 ай бойы көрерменнен қол үзіп қалды. Ал театрды 2012  жылдан бері басқарған  Сансызбай Бекболатов пен режиссері әрі актеры Сламбек Жұмағали қауіпті инфекциядан көз жұмды. Бұл ұжым үшін соның ішінде, өнер адамы үшін, өте ауыр соққы болды. Жалпы, жыл сайын театр өкілдері кемі 6 жаңа спектакльді көрермен назарына ұсынып отырады.  Жанрлар да әр түрлі. Қазіргі таңда театр репертуарында 100-ге тарта спектакль болса, соңғы бес жыл бойына әр жылы көрермен назарына 250 ге жуық қойылым ұсынды. Қазақ  драматургтерінен өзге, бауырлас халықтар қырғыз, әзербайжан мен башқұрт, татар, түркі жұртының шығармалары және орыс сондай-ақ, әлемдік классиканың да үлглілері сахналанып келеді. 

Қазір оқып жатыр

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева

Жұманғарин «Өзіңізді баймын деп есептейсіз бе?» деген сұраққа жауап беруден бас тартты

Серік Жұманғарин