USD
USD
USD

Тбилисиде арнайы жасақ шерушілерді күшпен таратты

Грузия астанасындағы жаппай наразылықтың оныншы күні арнайы жасақ шерушілерді суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданып, таратты, деп хабарлады DW.

Митинг
Фото: x.com/Zourabichvili_S

Алматы, NEGE. Грузия астанасында арнайы жасақ соңғы үш күнде алғаш рет су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданып, Руставели даңғылында шеруге шыққандарды тарата бастады. Бұл туралы 7 желтоқсан, сенбіге қараған түні «Грузия Online» порталы хабарлады. Басылымның мәліметінше, таратуға шерушілердің пиротехникалық заттарды қолдануы себеп болған.

Грузия парламенті орналасқан даңғылдағы шеруді полиция тарата бастағаннан екі жарым сағат өткен соң, ешкім қалмады. Кейбір наразылық білдірушілер қала жағалауына көшті. Сонда демонстранттар мен белгісіз адамдар арасында төбелес болған.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили X әлеуметтік желісінде премьер-министр Ираклий Кобахидзенің Тбилиси көшелеріндегі зорлық-зомбылық тоқтады деген сөзіне пікір білдірді.

– Өтірік пен цинизм! Егер «көшедегі зорлық-зомбылық тоқтаса», онда бүгінгі қатыгездіктің мәні неде? Анасынан балаларды ұрлау ма? Әйелдерден кек алу ма? – деп жазды ол.

Қазір оқып жатыр

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

.

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Ербол Айтуов

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Оразалы Ержанов

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

.