USD
USD
USD

ТАЗЫ мен ТӨБЕТТІҢ қазақы ит тұқымы екенін әлемге мойындатудың алғышарты жасалды

Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали Бельгияның Тюэн қаласына сапар шегіп, Халықаралық кинология федерациясы (The Fédération Cynologique Internationale) басшылық құрамының өкілі Ив Де Клеркпен кездесті.

ТАЗЫ мен ТӨБЕТТІҢ қазақы ит тұқымы екенін әлемге мойындатудың алғышарты жасалды
Фото: NEGE.kz

Жүздесу барысында Қазақстан кинологтар одағының Халықаралық кинология федерациясына мүшелікке өту жөніндегі өтінішін ресми түрде тапсырылды. Бұл мәселе биыл 21-22 тамызда Женева қаласында өтетін федерацияның бас ассамблеясында шешілуі тиіс.

Тазы мен төбет қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық қауымдастық алдында дәлелдеп, ресми бекіттіру үшін алдымен осы рәсімді орындау шарт. Биыл қайта жасақталған кинологтар одағы сан жыл бойы қордаланып қалған осы проблеманы бірінші кезекте шешуге бел буып отыр.

Дидарласу барысындағы екеуара әңгіме соңында ХКФ басшылығы Қазақстан кинологтар одағының қызметін жоғары бағалап, серіктестікті нығайтуға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Тұқымы құрып бара жатқан жеті қазынаның бірі – тазы мен төбеттің жай-күйіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жанашырлық танытып,  қазақы иттердің бізге тиесілі екенін халықаралық деңгейде дәлелдеп, қорғауға алуды тиісті органдарға жүктеген.

Өткен жылдан бері ҚР Президенті Іс Басқармасының ұйытқы болуымен біраз шаруа атқарылды. Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Арнайы заң қабылданды. Тазы-төбет мәселесімен айналысатын құзыретті орган ретінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі белгіленді.

Бельгиядағы кездесу де осы іс-әрекеттің бір парасы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.