2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Тәжікстанда жемқорлар 40 миллионға жуық ақша ұрлаған болуы мүмкін

Тәжікстанда 2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа байланысты 950-ге жуық адамға айып тағылып, 728 қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тәжікстан
Фото: Тәжікстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі https://kaz.inform.kz/news/tazhkstanda-zhemkor-sheneulkter-memleketke-40-mln-dollarga-zhuik-shigin-keltrd-97a461/

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры Султонзода Сулаймон Саид баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

— Қабылданған шаралардың нәтижесінде 411,9 млн сомони ($37,7 млн) залал мемлекет пайдасына өтелді. Бұған қоса, агенттік 1 180 адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады. Оған сай, 948 адамға айып тағылып, алдын ала тергеуден өткен 728 қылмыстық іс соттарға жолданды, - деді Султонзода Сулаймон Саид.

Агенттік 484 тексеріс жүргізіп, орталық және жергілікті билік органдарында 425,7 млн сомони (шамамен 39,1 млн доллар) көлемінде заңбұзушылық анықтаған. 411,9 млн сомони (37,7 млн доллар) мемлекет пайдасына қайтарылған.

Бұған дейін Өзбекстан Тәжікстанмен одақтастық қарым-қатынас орнату келісімін мақұлдағаны, Қазақстанның Тәжікстаннан электр энергиясын импорттауға ниетті екені, сондай-ақ Тәжікстан үкіметінің утильалым мөлшерін өзгерту жоспары хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау

Нұрсұлтан Назарбаев сарбаздар қазасына байланысты көңіл атты

Назарбаев

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

Электр жарығы