USD
USD
USD

Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Тәжікстан Республикасында Президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды елдің ұлттық Хобар ақпарат агенттігі.

Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум орталық комиссиясының (СРОК) мәліметі бойынша, «Тәжікстан Республикасы Президентін сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, елде сайлауды ұйымдастырып өткізу үшін 68 сайлау округі, ел ішінде 3375, шетелде 39 сайлау учаскесі құрылды.

Саяси партиялар ұсынған құжаттарды мұқият зерттегеннен кейін Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум орталық комиссиясы елдің Аграрлық партиясынан, Социалистік партиясынан, Халықтық Демократиялық партиясынан, Экономикалық реформалар партиясынан және Коммунистік партиясынан кандидаттар тізімін тіркеді. Осылайша сайлау бюллетеньдеріне Тәжікстан Республикасының Президенттігіне 5 кандидат тіркелді.

Ел аумағында орналасқан сайлау учаскелері 11 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жабылады. СРОК-тың мәліметінше дауыс беру үшін 4 943 289 сайлаушы тіркелген. Егер сайлау учаскелеріне сайлаушылардың 50%-дан астамы келсе, сайлау өтті деп есептеледі. Сайлау процесін түрлі халықаралық ұйымдардың 145-тен астам халықаралық бақылаушылары қадағалайды. Бұдан бөлек 267 жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары сайлау барысы туралы хабарлап отырады.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков