USD
USD
USD

Тәжікстанда науқастарды студенттер емдеп жатыр ма?

Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің басшылығы түлектер мен 5-курс студенттерін Душанбедегі коронавирус жұқтырғандар жатқан ауруханаларға жіберіп жатыр.

Тәжікстанда науқастарды студенттер емдеп жатыр ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқу орны басшылығы еріктілер ғана барып жатқанын айтса, студенттер тәжірибеден өтесіңдер деп мәжбүрлеп жатыр дейді. Аталған жоғары оқу орнының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Каххор Носири тәжірибеден өткен әрбір студенттің тегін тамақ, киіммен қамтамасыз етілетінін айтады.

"Оқу орнының түлектері мен бесінші курс студенттерінің 40 проценті өз еркімен барып жатыр. Балалары бар және аяғы ауыр студенттер жіберілмейді. Олар 14 тәулік жұмыс істейді, сосын 14 тәулік үйінде карантинде жатады" деді Каххор Носири.

Ал бірқатар студенттер ауруханада жұмыс істемесе, емтихан тапсырма алмайсыңдар деп ескертті дейді.

Қазірдің өзінде 200 студентті емтиханнан өткізбей, ауруханаға жіберген.

Абу Али ибн Сина атындағы тәжік мемлекеттік университеті жыл сайын бес сала бойынша мыңға жуық дәрігер дайындап шығарады. Бірақ олардың дені ақшасы көп басқа жұмысқа ауысады не елден кетіп жатады.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 612 адам тіркелген, 20 науқас қаза тапқан.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.