Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тәжікстанда экстремизммен күрес туралы заң күшіне енді

Тәжікстанда экстремизммен күрес туралы заң күшіне енді. Құжатты өткен жылы қарашада парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған. Заңға президент Эмомали Рахмон қол қойған соң, құжат ресми баспасөзде жарияланды.

Тәжікстанда экстремизммен күрес туралы заң күшіне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа заңға сәйкес, Тәжікстан билігі ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғаныс қабілетін әлсірететін әрекеттерді; билікті басып алуға және конституциялық құрылымды өзгертуге ашық үндеуді; ұлттық, нәсілшілдік және діни араздық туғызуға бағытталған әрекеттерді экстремистік деп таниды.

Сарапшылар заңның кейбір ережелері күмән туғызады деп отыр. "Мысалы, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғаныс қабілетін әлсірететін әрекет деген не? Түсініксіз. Билік заңсың осы бабын пайдалана отырып, саяси партиялар мен топтардың белсенділерін қудалауы мүмкін" деп есептейді заңгер Шухрат Кудратов.

Экстремизм Тәжікстандағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Тәжік билігінің мәліметі бойынша, 1900 азамат Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант