USD
USD
USD

Тәжікстанда Әмір Темір жайлы жазылған көне қолжазба табылды

Тәжікстан

Тәжікстанда Әмір Темір жайлы  жазылған көне қолжазба табылды
Фото: NEGE.kz

аумағынан ұлы қолбасшы Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы өзбек тілінде жазылған көне қолжазба табылды, деп хабарлады "ӨзА" ақпараттық агенттігі.

Алматы, NEGE. Елдің мәдени мұра агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кітаптың соңында қолжазбаның жазылу уақыты хижра күнтүзбесі бойынша 1027 жыл деп көрсетілген. Бұл кезең 1618 жылдың маусым-шілде айларына сәйкес келеді.

Әзірге қолжазбаны кім жазғаны және қайдан көшірілгені белгісіз.

Агенттіктің жазуынша, Душанбеден табылған бұл көне қолжазбаның көшірмесін Өзбекстанға әкеліп, белгілі тарихшы, деректанушы ғалымдардың көмегімен терең зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті