Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тәжікстан әскерилері қырғыз шекарашыларына оқ жаудырды

Тәжікстан Қырғызстан шекарашыларына оқ жаудырды, екі елдің әскерилері арасында атыс болып жатыр.

Тәжікстан әскерилері қырғыз шекарашыларына оқ жаудырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаменті мәлімдеді.

Қырғызстан Республикасының шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 17.30 мен 18.00 аралығында басталған. Тәжікстан азаматтары Торт-Кочо ауданында Баткен-Исфана жолын жауып тастаған. Сағат 19:30-да жол қайта ашылды.

«Алайда сағат 19.35 шамасында жағдай тәжік тарапының Баткен облысының Чир-Добо ауданында Қырғызстан шекара бөлімшелеріне қарсы қару қолдануына байланысты ушығып кетті. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасындағы негізгі қақтығыстар Торт-Кочо және Чир-Добо аудандарында өтіп жатыр. Тәжік тарапы минометтер мен гранатометтерді қолданады», – деді шекара қызметі.

Төтенше жағдайға «Тәжікстан азаматтарының көліктері Сомониён ауылынан Чоркух жамағатына көшіп бара жатқанда Қырғызстан тұрғындарының тас лақтыруы», содан кейін жолдың жабылуы себеп болуы мүмкін.

Республикалардың шекарасында қақтығыстар жиі болып тұрады. Кейде жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыстар ауқымды әскери қақтығыстарға ұласады. Соңғы ірі атыс 2021 жылдың сәуір айының соңында болды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел