USD
USD
USD

«Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматы тексерушілердің көзінше есірткі салынған пакетті жұтып қойған

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.

Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды. Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

ММА-ден әлем чемпионы Зейнеп Оразхан допинг үшін алтынынан айырылып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Зейнеп Оразхан

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler