USD
USD
USD

«Таза жүрек» керуені басталды

Жамбыл облысында «Таза жүрек» керуені бастау алды. Керуен Тараз қаласынан облыстың аудан, ауылдарына қарай жол тартты.

 «Таза жүрек» керуені басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шара«Волонтерлар жылына» орай облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Саулық» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылуда. Шалғай ауыл, аудан тұрғындарының денсаулықтарын тексеріп, қажетті ем шараларын өткізу мақсатында арнайы медициналық құралмен жабдықталған 7 денсаулық керуені әр елді мекенде 1 күннен аялдайды.

Оның құрамында тәжірибелі кардиологтар мен волонтерлардан құралған мобильді топ тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетеді. Керуеннің жолға шығу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысып, шараның маңыздылығын тілге тиек етіп, ақ халаттылар мен еріктілерге алғысын арнап, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ аймақ басшысы коронавирустың ықтимал екінші толқынына деген дайындық барысы, денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы тоқталып өтті.

Ал, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа керуеннің жұмысының мақсатын тілге тиек етті.

«Мобильді топ мүшелері арнайы құрылғымен жабдықталған көліктермен Тараз қаласы мен аудандарға жолға шығады. Топ өз қызметі шеңберінде елді мекендердегі жүректері ауыратын адамдарды анықтайды. Скринингтік тексеруді ұйымдастырады. Сонымен қатар, сауалнамалар жүргізіп және таратпа материалдарды үлестіреді», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу