Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Таза табиғат» ұлттық жобасы басталды

«Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында Төле би көшесіндегі индустриялды аймақта өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен көшет отырғызу акциясы өтті.

«Таза табиғат» ұлттық жобасы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тараз қашаннан өзінің жасыл желегімен белгілі. Экологиялық мәселелерді шешуде және көне қаланың елдегі ең жасыл қалалардың бірі ретіндегі танымалдылығын сақтау үшін біз қалаларымыз бен ауылдарымызды көгалдандыру ісімен белсенді түрде айналысуымыз керек. Бүгін облыс бойынша кем дегенде 140 мың көшет отырғызылады. Мұндай жұмыстармен тек науқан кезінде ғана емес, жүйелі түрде айналысу керек», - деп атап өтті облыс әкімі.

Бұл күні аталған аумақта игі іске атсалысуға жиналғандардың қарасы қалың болды. Мерекелік көңіл-күйдегі қала тұрғындары түрлі ағаштар отырғызды.

Акцияға мемлекеттік қызметкерлермен қатар, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен экологиялық қозғалыс өкілдері және мектеп оқушылары мен университет студенттері, еріктілер қатысты.

Мұндай шаралар Тараз қаласының Барысхан, Шөлдала, Тайвань массивтерінде, №13,15 шағын аудандарында да ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Талас өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту шаралары қолға алынды.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиевтің айтуынша, жалпы 10 гектар аумаққа 12 мың көшет егіледі. Бұл жоспардың жартысы бүгін орындалмақ.

Мұндағы топырақ құнарлы әрі жұмсақ. Облыс әкімі қала басшылығына әсіресе алғашқы айларда көшеттердің күтімі мен суарылуын ұйымдастыруды тапсырды.

Жасыл желектендіру «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына –30 мың ағаш» акциясы аясында жүзеге асырылатын болады. Дегенмен, биыл Таразда әлдеқайда көбірек, 46 мың көшет отырғызылмақ. Жалпы 20-21 наурыз күндері облыс бойынша 276,8 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Оның 88,5 мыңы қалалар мен елді мекендерде егіледі десек, 29,4 мың көшет білім беру ұйымдарында, ал 159 мың сексеуіл көшеті орман қоры жерлерінде отырғызылмақ.

Аталған акцияға кем дегенде 53 мың жамбылдық қатысады деп күтілуде. Қарағаш, терек, туя, боз арша, шырша, қарағай, жеміс ағаштары, талағашы және қылқан жапырақтылар сияқты жасыл екпелерге басымдық берілуде.

Құрғақ аймақтарда сексеуіл ағаштары отырғызылуда десек, оның көшеттері табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің тәлімбағынан жеткізіледі.

Сонымен қатар, қала, аудан аумақтарындағы «Таза су айдындары» акциясы аясында Ақкөл, Билікөл, Талас өзені бойы, Бөгеткөл су айдындарын тазалау және «Су көздерін ашу, бұлақтарды тазарту» акциясы аясында елді мекен төңірегіндегі су нысандарын, су арналарын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш