Аймақ
«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда
«Әділет» партиясының жастар қанаты қолға алған ауқымды «Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Абай облысында жалғасты.
Астана, NEGE. Мұнда белсенді жастар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының тағдырымен тығыз байланысты Жидебай қорығының аумағында қоқыс тазалап, «Вандализмге жол жоқ!» республикалық акциясы аясында қабырғалардағы заңсыз жазуларды өшірді.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени мұраны сақтау мен қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етудің маңызын бірнеше мәрте атап өткен еді. Осы орайда, «Әділет» партиясы қызметінің басым бағыттарының бірі – вандализмнің алдын алу және тарихи ескерткіштерді қорғау.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі
«Бұл – тек бір нысанды тазарту емес, тарихи мұрамызды сақтау жауапкершілігін қоғаммен бірге бөлісу. Біз бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастырып, жастардың экологиялық және азаматтық белсенділігін арттыра береміз», – деді «Жастар Рухы» Жастар қанаты төрағасының м.а Ержан Хамитов.
«Әділет» партиясының баспасөз қызметіПартияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнасынан оқи аласыздар.