USD
USD
USD

Тайланд Корольдігінен «Қазпошта» арқылы есірткі тасымалдағандар ұсталды

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Бақылап жеткізу әдісімен жүргізілген арнайы операция барысында Тайланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» АҚ арқылы оның атына рәсімдеген.

Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты – каннабис WAX тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан