USD
USD
USD

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы жыл басынан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Трейдерлер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери іс-қимылдарынан Ормуз бұғазының іс жүзінде жабылуы салдарын бағалап жатыр, деп хабарлайды Bloomberg.

Brent маркалы мұнай шамамен 6%-ға қымбаттап, барреліне 77 доллар деңгейінде тұрақтады. Бұған дейін сауда барысында баға 13%-ға дейін өсіп, 2025 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары деңгейге жетті.

Иран жағалауындағы әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі мен ірі көлемдегі газ тасымалданатын стратегиялық өткел – Ормуз бұғазы арқылы танкерлер қозғалысы негізінен тоқтады. Қақтығыс ушығып жатқандықтан, кеме иелері мен трейдерлер өз еркімен тасымалды уақытша тоқтатқан. Сарапшылардың болжамынша, егер бұғаз толық жабылса, мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асып кетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Ормуз бұғазы ресми түрде жабылған жоқ, алайда үш танкерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті