USD
USD
USD

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты 300-ден аса қазақстандық турист елге жеткізілді

FlyDubai әуе компаниясының ұшағы қазақстандық туристермен Алматыға қонды.

Рейс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Еске салайық, 13 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінен, атап айтқанда Дубай мен Абу-Дабиден Қазақстанды қоса алғанда, бірнеше өңірге рейстер тоқтатылған болатын. Бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды.

Бұған дейін ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салған болатын. FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында аталмыш елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, елге 13 маусымда ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді.

13 маусымда Дубайдан ұша алмаған барлық турист туроператорлар арқылы ҚР Туризм және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ҚР Елшілігі және «Туристік Қамқор» қорының үйлестіруімен қонақүйлерге орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың ұшу мәселесі қарастырылуда. Кейбір туристер бүгін түнгі рейстермен елге оралды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер