USD
USD
USD

Таяу Шығыстағы қақтығыс теңгені әлсіретуі екіталай – Ұлттық банк

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуынан әзірге теңгенің әлсіреуіне қауіп төніп тұрған жоқ. Керісінше, әлемдік мұнай бағасының өсуі ұлттық валютаға қолдау көрсетуі мүмкін.

Теңге
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның экспорттық түсімінің 50%-дан астамы, сондай-ақ бюджет пен Ұлттық қор кірістерінің 30%-дан астамы мұнай секторы есебінен қалыптасады.

«Әскери қақтығыс – әрдайым жағымсыз құбылыс, алайда оның экономикалық салдары да бар. Бұл жағдайда мұнай бағасының өсуі Ұлттық қор мен республикалық бюджет кірістеріне оң әсер етеді. Біз теңгені әлсірететіндей алғышарт көріп отырған жоқпыз», – деп атап өтті ол.

Бұл ретте Сүлейменов мұнай бағасының әсері бірден байқалмайтынын айтты, себебі мұнай жеткізілімдерінің едәуір бөлігі алдын ала жасалған келісімшарттар бойынша іске асады. Сондықтан мұнай бағасының жоғары деңгейде қанша уақыт сақталатыны және қақтығыстың қанша уақытқа созылатыны маңызды.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев