USD
USD
USD

Тәулікке жалға берілетін пәтерлер бойынша рейд өтті

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудан тұрғындарына инстаграм әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта сұхбат берген болатын.

Тәулікке жалға берілетін пәтерлер бойынша рейд өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Тікелей эфирде тұрғындар тарапынан айтылған көптеген мәселелер талқыланды, оның ішінде жалға берілетін пәтерлердің мәселесі басты назарға алынды.

Бұл ретте Әл-Фараби ауданы әкімдігінің мамандары Т.Айбергенов көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердегі тәулікке жалға берілетін пәтерлер бойынша рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Рейд барысында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Заң талаптарын бұзған көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерді тәулікке жалға алған тұлғалар анықталды. Аталған заң аясында 3 азаматқа ескерту берілсе, 6-на хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сондай-ақ, құзырлы органдармен бірлесіп өткізген тексеру кезінде азаматтарға түнгі тыныштықты бұзбау мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам