Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Таулы Қарабақ аумағында шиеленіс басылмай тұр

 Әзербайжан Бардинск ауданының Гараюсифли ауылына Армения тарапынан оқ жаудырылғанын мәлімдеді.

Таулы Қарабақ аумағында шиеленіс басылмай тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салдарынан кем дегенде 4 адам қаза болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бардинск ауданының Гараюсифли ауылына сағат шамамен 16.00-де Армения Қарулы күштерінің зеңбірекпен оқ жаудыруы салдарынан мерт болған азаматтық тұлғалардың саны төрт адамға жетті. Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарақат алғандардың бірі Исмаилов Эхтирам Халил оглу көз жұмды. Осылайша, ажал құшқандар саны төрт адам болды», - деп жазады ӘзерТаж агенттігі.

Бұл ретте, Арменпресс ақпарат агенттігі Армения Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Шушан Степанянның Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап хабарлауынша, Армения Қорғаныс министрлігі Армения территориясынан Барда ауданы бағытында ракеталық соққы жасалғандығы туралы әзербайжандық тараптың мәлімдемесін жоққа шығарып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu