Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Таулы Карабахта жағдай қайта шиеленісті

Таулы Карабахта Әзербайжан мен армян күштері тағы қақтығысып, бірнеше жауынгер қаза тапты. Әскери қимылдар Лачин ауданында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таулы Карабахта жағдай қайта шиеленісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзербайжан тарапының мәлімдеуінше, ұрыс танылмаған Таулы Карабах республикасы күштерінің Әзербайжан жасақтары бекінісін атқылауынан басталған. Шабуылдан бір сарбаз қаза тапты. Әзербайжан тарапы қарымта жауап ретінде, қарсы жақтың 2 жауынгерін мерт қылып, 14-ін жаралаған. Бірқатар жотаны бақылауына алғанын айтады. Танылмаған Таулы Карабах республикасы жартылай мобилизациялау жариялады.

Еске сала кетейік, 2020 жылы қыркүйек айында Таулы Карабахта жағдай қайта шиеленісіп, екі ел арасында соғыс болған еді. Әскери қимылдар қараша айында Армения, Әзербайжан және Ресейдің үш жақты келісімге қол қоюымен аяқталып, Баку, Шуша қаласы мен тағы бірнеше ауданды қайтарып алады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық