USD
USD
USD

 Таулы Карабахта қаза тапқандар көбейді

Таулы Карабахтағы қақтығыстан 18 бейбіт тұрғын қаза тауып, 80-ге жуық кісі түрлі жарақат алған.

 Таулы Карабахта қаза тапқандар көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Әзербайжан әскері Степанакертті нысанаға алып, зымыран соққыларын жасаған. Осыған байланысты қала тұрғындары бункерлерге тығылуға мәжбүр болыпты. Бұдан бөлек, аталған ведомство Таулы Қарабақта әзербайжан әскери жасағының көзін жойғанын жеткізді. Өз кезегінде, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бірқатар позицияны бақылауына алғанын хабарлады. Айта кетейік, екі ел арасындағы қарулы қақтығыс қыркүйектің 27-сінде басталған болатын. Қазір Армения мен Әзербайжанда әскери жағдай жарияланған.   

Қазір оқып жатыр

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын жаңа жүйені сынап жатыр

Айжан Аймағанова

Еңбек нарығына жүргізілген аудит кезінде 471 млн теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Аудит қорытындысына коллаж

Алматыда бес адамның өмірін жалмаған өрт: қала әкімдігі мәлімдеме жасады

Оқиға орны

АТБ банкінен 3 миллиард рубль дивиденд. Назарбаев НЕГЕ инвестициясын қайтара бастады?

АТБ