USD
USD
USD

Тау-кен металлургия кешенін дамыту жөнінде кеңес өтті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Тау-кен металлургия кешенін дамыту жөнінде кеңес өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Саланы дамыту және ұсынылатын қолдау шаралары туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ТМК кәсіпорындарын мазутпен және дизель отынымен қамтамасыз ету туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, табиғатты қорғау іс-шаралары туралы геология, экология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, ТМК салалық кәсіпорындарындағы ахуал туралы Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, сондай-ақ «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «ERG» компаниялар тобы және т. б. өкілдері баяндады. 

Тау-кен өндірісі саласы — ҚР экономикасының негізгі салаларының бірі, осы жылдың І тоқсанында оң қарқын көрсете отырып, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ды құрады.

Кеңеске қатысушылар ҚҚС қайтаруды жеделдету және шегін ұлғайту, тиімділігі төмен кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін төмендету, «кедендік аумақта қайта өңдеу» режимі үшін кедендік тексерулерді шектеу жолымен, кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету және т. б. секілді тау-кен секторы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын қарастырды. 

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ТМК кәсіпорындарында жұмыс орындарын сақтау және саланы одан әрі дамытуды ынталандыру мақсатында ұсынылған шаралар топтамасын қолдады.

Қазір оқып жатыр

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

жанжал ресей

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді

Төбелес

Басынан оқ жарақатын алған: Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды

Полиция

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.