USD
USD
USD

Тауықтарды сүюге тыйым салынды

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) азаматтарды сальмонеллез ауруының өршуіне байланысты үй тауықтарын сүюден бас тартуға шақырды деп хабарлайды ВВС.

Тауықтарды сүюге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Америкалықтарға тауықтарды, балапандарды және әтештерді сүйіп, құшақтауға тыйым салынуда. Сонымен қатар, қаншалықты жағдайы жақсы әрі тап-таза болып көрінсе де үйректерге қөп жақындамауға кеңес берілді.

"Өйтпеген жағдайда микробтар ауыз қуысына еніп, ауру тудыруы мүмкін", - деп атап өтті билік өкілдері.

Америкалықтарға құстармен байланыста болғаннан кейін қолдарын мұқият жуып, балалардың оларға қол тигізуіне жол бермеуге кеңес берілді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бактериялардың тауықтар мен үйректер мекендейтін жерлерде де оңай таралатынын қосты. Осы уақытқа дейін 43 штатта 163 адам сальмонеллез ауруына шалдыққан. Билік өкілдерінің болжамы бойынша, олар дертті тірі құспен байланыста болу арқылы жұқтырған болуы мүмкін.

Науқастардың үштен бірі - бес жасқа дейінгі балалар. Өткен ақпаннан бастап сальмонеллезбен ауыратын 34 науқас ауруханаға жатқызылды. Абырой болғанда дерттен адам өлімі тіркелген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу