USD
USD
USD

Тауға саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткен 10 жастағы бала табылды

Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары аяғынан тік тұрып, түні бойы Ақтасты ауылы маңындағы таулы аймақта жоғалған 10 жастағы баланы іздестіріп, аман-есен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға түн ортасында хабар түскен. Белгілі болғандай, бала туыстарымен бірге тауға саңырауқұлақ теруге шыққан. Кенет ол ересектерден қалып қойып, жолдан адасып кеткен. Жақындары өз күшімен іздеп көрген, алайда нәтиже болмаған соң, құқық қорғау органдарынан көмек сұраған.

Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары хабар түсе салып, шұғыл түрде іздестіруді бастады. Қиын жер бедеріне, түнгі уақыт пен аумақтың нашар көрінгеніне қарамастан, іздеу жұмыстарын тоқтатпады. Есіл еңбек еш кетпей, таң ата бала табылды.

Бала еш жарақат алмаған, аман-есен ата-анасымен қауышты. Жақындары баланы іздестіруге атсалысқан құтқарушылар мен полицейлерге кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.

– Ең бастысы – бала аман-сау табылды. Мұндай жағдайда әр минут маңызды, біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті полицейлер.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.