USD
USD
USD

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта кездесу өтті

Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Парасат жолы» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта кездесу кеші өтті.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта кездесу өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Кешті кітапхана қызметкері Сейтжанова Назира жүргізді. Кештің мақсаты Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол бермей, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру болып табылды. 

Кештің қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Момбек Әбдәкімұлы, Сабырбек Нұрманұлы. Желтоқсаншылар мүшесінің төрағасы Бейбіт Төлеметов, Сартаев Әбдурахман, Әбенов Нұрлан, Тұрлыбекова Сәуле, Оспанова Гүлмира, Шымкент Гарнизоны Әскери полиция бөлімінің Қаржы қызметінің бастығы аға лейтенант Ермеков Бақытжан Алибайұлы, Жол-көлік колледжінің оқытушысы Әбдікәрімова Ұлбосын, жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының мұғалімі Марғуба Мұхтарқызы өзінің бір топ оқушыларымен  және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жанынан құрылған  «Ақиқат» пікірсайыс орталығының төреғасы Абжан Темірхан Германұлы қатысты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев