USD
USD
USD

“Тәуелсіздік ұрпағы” және “Жас волонтер” жобалары аясында марапаттау кеші өтті

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай және Тұңғыш Президент күніне арналған "Тәуелсіздік ұрпағы" жобасы аясында Тәуелсіздік құрдастары мен тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен бірқатар жастарды, және  "Жас волонтер" жобасы аясында жеңімпаз атанған волонтерлік топтарды марапаттау рәсімі өтті. 

“Тәуелсіздік ұрпағы” және “Жас волонтер” жобалары аясында марапаттау кеші өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шараның мақсаты жетістікке жеткен жастардың рухын көтеру, оларды қалың көпшілікке таныстыру, Тәуелсіздік жылдарындағы елдің дамуына қосқан үлестері үшін марапаттау болып отыр. 
Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығының директоры Айтбаев Ерлан Садырбайұлы арнай құттықтап, "Тәуелсіздік ұрпағы" жобасы аясында Тәуелсіздік құрдастары мен тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен 30 жасқа алғыс хат ұсынып,                                 "Жас волонтер" жобасы аясында жеңімпаз атанған                                      «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық ұйымы және «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASAA» жастар қоғамдық бірлестіктеріне  арнайы 1 млн теңгеден қаржылай сыйлық табысталды. 
    Жалпы іс-шара қаламыздағы бірқатар жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары мен волонтерлік ұйымдардың мүшелеріне арнап концерттік номерлермен жалғасын тапты.

Қазір оқып жатыр

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu