USD
USD
USD

Тәуелсіздік күні дүниеге келген нәрестеге Қайрат Рысқұлбековтің есімі берілді

16 желтоқсанда қалада 106 сәби дүние есігін ашқан

Тәуелсіздік күні дүниеге келген нәрестеге Қайрат Рысқұлбековтің есімі берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Алматыда 106 сәби шыр етіп дүние есігін ашты. Айтулы датада өмірге келген ұл және қыз балалардың саны теңдей десе болады. Ал бір жылда алматылықтардың қатары 60 мың адамға толығыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Алматылық Самал Жүрсінбай 16 желтоқсанда алғаш рет ана атанды. Өмірге шекесі торсықтай ұл әкелді. Отбасы мүшелері сәбиге батыр, ұлтжанды болсын деп Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбектің есімін беріпті. 

«Осы 16 желтоқсанда дүниеге келгендіктен, өзіміздің қаһарман Қайрат атамыздың атын беріп отырмыз. Тәуелсіз мемлекетімде осылай баламды қолыма алып отырғаныма өте қуаныштымын. Баламыздың салмағы 2 келі 100 грамм болды», – дейді қала тұрғыны Самал Жүрсінбай.

Баласын бауырына алған ана қалалық №2 перзентхананың дәрігерлеріне шексіз риза. Мұнда 16 желтоқсан күні 14 бала өмірге келіпті. «Осындай қуанышты да қобалжулы сәттерді еш алаңсыз бастан кешірудің өзі бір бақыт. Бұл да Тәуелсіздіктің тартуы» дейді аналар.  

«Ерекше сезім әрине болды. Себебі Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқан жас мемлекет қой. Тәуелсіздіктің туын желбірететін кішкентай сәбилерді мерекелік күнде, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында өмірге әкеліп отырғаныма шынымды айтсам, өте қатты қуаныштымын», – дейді жас ана Ақерке Шахан.

«Дәрігерлердің көмегімен жеңіл өтті. Екінші балам – ұл. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алла тағала ұл берді. Шүкір. Қатты қуанып, толқып тұрмын», – дейді тағы бір жас ана Қаракөз Тарғынова.

Мерейтойға орай медицина мекемесі аналарға шағын кәдесыйлар табыс етті. Дәрігерлер ана болудың алғышартынан бастап, босанғаннан кейін де әйелдердің жағдайына ерекше көңіл бөлетінін айтады.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев