Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің жаңа эскиздері пайда болды

Нұр-Cұлтан қаласының Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір пайда болады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аумақты жалғастырады.

Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің жаңа эскиздері пайда болды
Фото: NEGE.kz

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының көлік ағынын айтарлықтай азайтады.  Жаңа көпірдің эскиздерін қалалық урбанистика орталығы әзірледі.

Көпірдің жалпы ұзындығы – 910 м, ені –36 м, шамдардың биіктігі – 5-тен 16 метрге дейін болады. Көпір шамдары масақ түрінде жасалады. Жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игерумен байланысты. Көпірде орналасқан 4 бағандарды ою-өрнектермен безендіру жоспарлануда.

Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған. Ол елорданың оң және сол жағалауды байланыстырады. Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер –жоспары аясында жүргізілуде. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа көпір астындағы қоғамдық кеңістік құрылады.

«Тәуелсіздік даңғылы жалғаса беретін жаңа көпір елордамыздың тарихи өткенін бейнелейді. Оның сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдететіні маңызды», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп