USD
USD
USD

Тау велосипедінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль олжалады

Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Азия чемпионатының соңғы күні қыздар арасында кросс-кантри элиминатор жарысы өтті.

Тау велосипедінен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль олжалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл бағдарламада отандастарымыз Алина Сарқұлова мен Виолетта Казаковаға тең келер ешкім болмады. 

Алина Сарқұлова алтын медаль иеленіп, "элита" санатындағы әйелдер арасында маунтинбайктан Азия чемпионы атанды. Ол осы спорт түрінен Қазақстандағы алғашқы чемпион қыз екенін баса айта кетелік. Осы санатта Виолетта Казакова жеңімпаздар тұғырының екінші баспалдағына көтерілді. 

- Кросс-элиминатор - қызықты жарыс, соңына дейін не болатынын елестете алмайсыз. Жасөспірімдер мұнда "элита" санатына қабылданды және біздің жасөспірімдер жасына қарамастан қатты еңбектеніп, тамаша өнер көрсетті. Алина Сарқұлова медальдан үмітті болатын. Ал Виолетта Казакова, әрине, бәрімізді таң қалдырып, қатты қуантты, онда спринтерлік қасиеттер айқындалып келеді. Жарайсыңдар, қыздар. Азия чемпионатын әдемі аяқтадыңыздар, - деді Тау велосипедінен ҚР құрамасының бас бапкері Александр Дымовских

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық