USD
USD
USD

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Wildberries компаниясының негізін қалаушы Татьяна Ким Еуроодақтың санкциялық тізіміне енгенінен кейін бас директор қызметінен кетті.

Вайлберрис
Фото: t.me/kimtatyana2024

Астана, NEGE. Ресейдің заңды тұлғалар тізіліміндегі мәліметке сүйенген РБК басылымының хабарлауынша, 19 қарашадан бастап «Вайлдберриз» ЖШҚ-ның бас директоры қызметіне Алексей Куликов тағайындалған.

Компания өкілдері Кимнің бизнестен толық кетпегенін мәлімдеді. Ол Wildberries пен Russ біріккеннен кейін құрылған RWB тобының стратегиялық дамуына жауап беруді жалғастырады. Ал бас директордың ауысуы компанияның күнделікті жұмысына әсер етпейді.

Сонымен қатар RWB компаниясының меншік құрылымы өзгерді. Бұған дейін «Вайлдберризге» тиесілі болған 65 пайыздық үлес 45 пайызға дейін қысқарды. «Стинн» компаниясының үлесі де 35 пайыздан 25 пайызға төмендеді. Қалған 30 пайыз екі инвестициялық қорға өтті.

Айта кетейік, 16 қарашада Еуроодақ Татьяна Кимге санкция енгізген болатын. Алайда компания басшылығы бұл шектеулер Wildberries қызметіне әсер етпейтінін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

.

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела