Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Татарстандағы ұшақ апатынан 16 адам қаза тапты

Татарстанның Мензелинск қаласында ұшақ апатқа ұшырады. 

Татарстандағы ұшақ апатынан 16 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Татарстанның Мензелинск қаласында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі бар жеңілмоторлы L-410 ұшағы апатқа ұшырады. Ақпарат көздерінің мәліметінше, парашютистер отырған ұшақ Мензелинск қону алаңынан (Татарстан) көкке көтерілгеннен кейін бірден құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 адам қаза болды. Тағы 7 адам жарақатпен ауруханада жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен жеті адамның бірінің жағдайы ауыр екенін айтты. Бортта барлығы 23 адам болған (оның ішінде экипаждың екі мүшесі). L-410 ұшағының құлауына жолаушылар санының артуы себеп болуы мүмкін. Жолаушыларды шығарып, эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. L410 – аймақтық желілерге арналған екі қозғалтқышты ұшақ. Машинаны чехословакиялық Let компаниясы 1960 жылдардың соңында жасаған. Ұшақты коммерциялық пайдалану 1973 жылы басталған. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Үмітсіз кредитті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық