USD
USD
USD

«ТАССАЙ ҚҰС» ЖШС ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауылшаруашылығы бағытында жұмысы қарқын алған кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

«ТАССАЙ ҚҰС» ЖШС ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шаһар басшысы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС-не барды. Биыл шаруашылықты кеңейтіп, өнімділікті арттырған өндіріс орны 15 адам жұмыспен қамтып отыр.

Жоба құны – 250 млн теңге. Кәсіпкерлер жылына 35 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келген. Келесі жылдың қаңтарынан бастап өнімділікті 50 млнға жеткізуді жоспарлауда.

Аталған өндіріс германиялық HELMANN POULTRY GMBH CO.KG технологиясы бойынша жұмыс істейді.

Құс шаруашылығына маманданған кәсіпорынға 2020 жылы 29,7 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. 2021 жылы 37,7 млн теңге қолдау көрсету жоспарлануда.

Мұндай өндіріс орындарын қолдау, нарықтық бағаны тұрақтандыруда маңызды қадам болып табылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек