USD
USD
USD

Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына балама жоқ екенін айтты

Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) балама жоқ, деді ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.

Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына балама жоқ екенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларына ұйымның жұмыс құрылымын басқаруға сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Әлем үлкен геосаяси сынақтардың куәсі болып отыр, өте күрделі саяси, экономикалық және басқа да проблемаларды шешуге тура келеді. ҰҚШҰ алдында күрделі міндеттер тұр. Осы сын-қатерлер мен проблемалардың барлығы біздің Ұйымның шешуші рөліне, оның беделі мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі болу қабілетіне әсер етеді. Оның ары қарайғы беделі мен тиімділігі өзімізге байланысты. Барлық қиындықтарға қарамастан, мен ҰҚШҰ үшін балама жоқ екеніне, оның өзіне жүктелген міндеттерді шешуге қабілетті екеніне сенімдімін», - деді Тасмағамбетов. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен