USD
USD
USD

Тасмағамбетов ресми мәлімдеме жасады

Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған фейк парақшаларды көруге болады. Алайда оның жеке басының бұл аккаунттарға қатысы жоқ, деп хабарлады stopfake.kz.

Тасмағамбетов ресми мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушылар саны мыңнан асады. Facebookте де оның атынан парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов Stopfake.kz-ке бұл аккаунттарға қатысы жоғын айтты. Айтуынша, әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ.

«Құрметті достар!
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын.
Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

Құмар ойын

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс

Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады

футболдағы жанжал