USD
USD
USD

Тасмағамбетов, Нығматулин, Көшербаев: Досхан Жолжақсыновтың мерейтойында бұрынғы шенеуніктер бой көрсетті

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, көрнекті актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың 75 жас мерейтойы аталып өтті.

Досхан Жолжақсынов
Фото: Видеодан кадр/nshaxarbaeva/instagram.com

Астана, NEGE. Мерейтойға мемлекет және қоғам қайраткерлері, бұрынғы лауазымды тұлғалар мен ақын-жазушылар шақырылған. Салтанатты шарада бас қосқан танымал қонақтар актерді мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Иманғали Тастамағамбетов
Видеодан кадр/qazaqfilm.kz/instagram.com

Желіде тараған видеолардан қонақтар арасында Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин мен оның сыңары Ерлан Нығматулин, бұрынғы сенатор Қуаныш Сұлтанов, Президенттің бұрынғы көмекшісі Тамара Дүйсенова және Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың болғанын аңғарамыз. 

Амандық Баталов
Видеодан кадр/nshaxarbaeva/instagram.com

Әсіресе, бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ел назарын аударды. Өйткені ол 2022 жылы қызметінен босатылғаннан кейін көпшілік алдына көп шыға қоймаған еді.

БАҚ мәліметінше, Досхан Жолжақсынов пен Ерлан Нығматулин бір-біріне құда болып келеді. Актердің ұлы Біржан кәсіпкердің қызына үйленген.

Мерейтой иесін мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев та құттықтады. «Қазақфильм» киностудиясының президенті міндетін атқарушы Айдар Омаров министрдің құттықтау хатын оқып, оның атынан актердің иығына шапан жапты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда есірткі дайындау кезінде екі адам уланып қайтыс болған

қылмыс

Тоқаев Бектеновпен және Дәдебаймен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Балалары ажырасқан соң бұрынғы құдағилар сотқа жүгінді

Сот

Басына пакет кигізіп алып шыққан: Алматыда ер адамды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды

Күдікті