Тасмағамбетеов: Еуропа Украинаға әскер жіберсе, ҰҚШҰ Ресейге көмектесуге дайын

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресейлік «Известия» басылымына сұхбат берді.
Алматы, NEGE. Сұхбат барысында Еуропаның әскері Украинаға кірген жағдайда қандай шара қарастырылатынына қатысты пікір білдірді.
Басылым: «Еуропа Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл аймақтағы қауіпсіздікке қауіп төндіре ме? ҰҚШҰ мұндай жағдайға жауап беру шараларын қарастырып жатыр ма?» – деген сұрақ қойған.
«Еуропа елдері Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін бірінші рет талқылап отырған жоқ. Алайда ресми түрде іске асырмады. Себебі, бұл аймақтық ауқымда қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Оның үстіне экономика мен әлеуметтік саладағы келеңсіз құбылыстардан шаршаған Еуропа елдерінің халқы өз үкіметтерінің мұндай шешімін құптауы екіталай. Өйткені, контингенттер шабуылдау операцияларына қатыспаса да, мысалы, полиция немесе бақылау қызметін атқаратын болса, бұл қоғамға ауыртпалық салады. Мұндай қауіп-қатер туындаған жағдайда, ҰҚШҰ ұйым жарғылық құжаттарында қарастырылған және мүше мемлекеттердің барлығы мақұлдаған көмектің түрлі нұсқаларын ұсынуға дайын болады», – деді Тасмағамбетов.