2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Тасқыннан зардап шеккендерге көмек берілмек

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы төтенше жағдай бойынша кезекті штаб отырысын өткізді. Халыққа көрсетілетін көмектің үлкен ауқымда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына  тапсырма берді.

Тасқыннан зардап шеккендерге көмек берілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өмірзақ Шөкеев эвакуациялық орындарға орналасқан халыққа әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу үшін олардың мал саны мен жылжымайтын мүлік, жеке бас құжаттарының мәліметін жинақтауды тапсырды. Сондай-ақ, апаттан зардап шеккен тұрғындарды азық-түлік, қажетті заттармен қамтамасыз етуге кәсіпкерлер мен қоғамдық қорларды тартуды ұсынды. «Үйлерге келген залалдың мөлшерін есептеуді тапсырамын. Кәсіпкерлік нысандарға келген залал мөлшерін анықтауды міндеттеймін. Зақым келген автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілеріне келтірілген зиянның мөлшерін есептеуді қолға алу қажет. Ауылшаруашылығы алқаптары мен үй жануарларына келтірілген зиянның мөлшерін есептеп, қауіп төніп тұрған елдімекендерді тасқын судан қорғау мақсатында бөгет тұрғызуды қолға алу керек», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур