USD
USD
USD

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмектесетін компаниялар белгілі болды

Бүгін Астанада өтіп жатқан Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев еліміздің бірқатар облысындағы болған су тасқынының салдарымен күрес және қазірпгі қалыптасқан жағдай бойынша баяндады. Сондай-ақ ол өз баяндамасында зардап шеккен өңірлерге демеушілік қол ұшын созатын компаниялардың да тізімін жария етті.

Қазақстан
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бизнес өкілдері өздеріне демеушілік міндеттемелер алған. Осылайша ол компаниялар өңірлерге тізім бойынша бекітілген.

«Ақмола облысы бойынша су тасқынының салдарын жою үшін Integra Construction және RG Gold сияқты ірі бизнес өкілдері демеушілік көмек көрсетеді. Ақтөбе облысы бойынша «Болат Өтемұратов қоры», «BI Group» АҚ және «ERG» компаниялар тобы» өңір үшін демеушілік көмек бөлуді жоспарлап отыр. Батыс Қазақстан облысы бойынша «Астана моторс», «BI Group» АҚ, «Jusan» банк, «Банк Центр кредит» АҚ, «ҚазАзот» ЖШС, КПО сияқты компаниялар демеу көрсететін болады. Қостанай облысы бойынша «ADD Capital», «ERG», «Аллюр» және «АгромашХолдинг», «Базис-А», сондай-ақ «RG Brands» компаниялары демеушілік танытпақ.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Kazakhmys» корпорациясы, «Kaspi.kz», «KAZ Minerals» тобы өңір үшін демеушілік көмек көрсету жөніндегі өз шешімдерін қабылдады. Қазіргі уақытта Атырау облысы су тасқыны салдарын жоюға Т.Құлыбаевтың және К.Рақышевті бір топ компаниясы көмек көрсететін болады», - деді Қанат Бозымбаев.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті